Түркістанда полицейге пара бермек болған жүргізуші ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері тәртіп сақшыларына пара беруге тырысқан жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

19 ақпан шамамен сағат 17:15-те Түркістан қаласы ЖПБ патрульдік полиция инспекторлары Түркістан облыстық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесе отырып, Түркістан қаласының тұрғынын ұстады. Ол аталған инспекторларға 10 мың теңге көлемінде ақша ұсынған.

«Анықталғандай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, ереже бұзған «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі көлікті айып тұрағына қойдырмау және жауапкершілікке тартылмас үшін полицейлерге пара беруге тырысқан. Бұл оқиға туралы тәртіп сақшылары бірден Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлайды. Нәтижесінде құқық бұзушы оқиға орнында ұсталды» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған жайт негізінде ҚР ҚК 367-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, айғақ зат алынды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Сонымен қатар, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.


Соңғы жаңалықтар