Түркістанда полицей екі адамды қағып кетіп, 7 жасар жеткіншек қаза болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Түркістанда полиция қызметкері бағдаршам тұсында тұрған 22 жастағы жігіт пен 7 жасар қызды қағып кетті. Жол апаты салдарынан жеткіншек оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Түркістан қалалық прокуратурасының мәліметінше, қайғылы оқиға 1 наурыз күні күндізгі сағат 11.30-дар шамасында Тәуке хан даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысындағы бағдаршамның тұсында болған. Жол жиегінде тұрған туған ағасы мен қарындасын «Мерседес бенц-230» маркалы жеңіл көлік қағып кеткен. Қатты соққымен екеуін де екі жаққа ұшырған  көлік, артынша «Нексия» машинасына соқтығысқан. Жеті жасар Дильфуза Нарметова  сол жерде жан тәсілім етті. Жарақат алған ағасы Қадыр Нарметов болса  түрлі дене жарақаттарымен қалалық орталық ауруханаға түсті. Анықталғандай, рульде болған жүргізуші Түркістан стансасы ішкі істер желілік бөлімі патрульдік полициясының  24 жастағы қызметкері  Еркебұлан Дәрменов екені анықталды. 

null 

«Сол күні Түркістан қалалық ІІБ-мен Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ал, сол күні кешкісін ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 131-бабына сәйкес, жүргізуші Дәрменов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жабылды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде»,-деп атап өтті Түркістан қалалық прокурорының орынбасары Бақытжан Төлеев. 

Соңғы жаңалықтар