Түркістанда пәтер тонаумен айналысқан 9 топ ұсталды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жыл басынан бері ұрлық қылмысына қатысты 445 іс тіркеліп, оның 329-ы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пәтер тонау бойынша 236 жайт тіркеліп, 199-ы ашылды. Ауыр санаттағы пәтер ұрлығының ашылуы 55,3 пайыздан 80,2 пайызға жақсарды. Осы аралықта полиция қызметкерлері 96 пәтер ұрлығына қатысы бар 22 адамнан құрылған 9 қылмыстық топты ұстады. Орын алған пәтер ұрлықтары кезінде ұрылар, ақша және алтын бұйымдарды жымқырған», - деп жазды аймақтағы полиция департаментінен.

Түркістанда орын алатын қылмыстардың басым бөлігі осы санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды құрайды. Десе де облыста ұрлыққа, оның ішінде мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыстың нәтижелері жақсарған. Яғни мал ұрлығы бойынша 65 жайт тіркеліп, оның 42-сі ашылған.

«Жалпы 400-ден астам мал ұрланса, оның 190-ы иелеріне қайтарылған. Тіркелген мал ұрлықтардың жартысынан көбі жайылымнан кеткен», - делінген ведомство хабарламасында.



Соңғы жаңалықтар