+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Түркістанда өңірге танымал бірқатар азамат «Nur Otan» партиясы қатарына қосылды

2019 жылғы 29 қараша 20:24
Бөлісіңіз:
Түркістанда өңірге танымал бірқатар азамат «Nur Otan» партиясы қатарына қосылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай маңызды іс-шара өтті.

Ұқсас жаңалықтар
«Jas Otan» өкілдері дәрігерлер мен коммуналдық қызметкерлерді құттықтады Барлық өңірлерде «Nur Otan» ішкі партиялық іріктеуі өтеді – Бюро мәжілісі Елордада Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі өтті

Салтанатты жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев көпшілікті мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Филиал төрағасының бірінші орынбасары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды дамыту жолындағы еңбегіне тоқталды.

«ҚР Тұңғыш Президенті күнінің тұтас еліміз үшін мәні бар деп есептеймін. Себебі, мемлекетіміздің дамуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. Мен Елбасының шекараны толық шегендеу, елорданы салу, ядролық қарудан бас тарту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру және Түркістан облысын құру туралы 5 еңбегін ерекше атап өткім келеді. Елбасымыздың Түркістанды дамыту, түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдыру бағытындағы бастамасы тарихта қалатыны анық. Жуырда партия төрағасы, Елбасы партияны жаңғырту, елге адал қызмет ету, өзекті мәселелерді шешуге атсалысу жөнінде тапсырма берді. Ол үшін партия мүшелері шынайы жанашырлықпен жұмыс істеуі керектігін айтты. Осыған байланысты жігерлі, жалынды, отаншыл азаматтарды қабылдауға басымдық беріледі. Биыл партиямен байланысын үзген 3 мыңнан астам адам партия қатарынан шығарылып, 2407 адам жаңадан қабылданды», – деді Б.Тәжібаев.

Сондай-ақ партия қатарына жаңадан қабылданған 20-ға жуық азаматқа партия билеттерін тапсырды. Олардың арасында көпбалалы аналар, жастар, танымал журналистер, ҮЕҰ мүшелері, кәсіпкерлер, ұстаздар, дәрігерлер және өзге де саланың өкілдері бар. Түркістанның дамуына үлес қосып жүрген түрлі сала өкілдері, танымал адамдар да партбилетке ие болды. Мәселен, даңқты көкпаршы, аударыспақ спортының шебері, білікті бапкер Жанысбек Саев та ресми түрде партияға қабылданып, билетін алды. Бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері, ұлттық құрама боксшысы Сәкен Бибосынов та биыл «Nur Otan» партиясының сапына қосылды. Оқу-жаттығу жиынында жүрген өренге партия билеті арнайы тапсырылатын болады.

Бұл күні сонымен қатар облыс көлемінде жаңадан ашылған 10 бастауыш партия ұйымы жетекшілеріне де куәліктер тапсырылды. Атап айтсақ, Түркістан қаласынан 5, Сарыағаш ауданынан 2 және Жетісай, Қазығұрт, Ордабасы аудандарынан да бастауыш партия ұйымдары ашылды.

Мерекелік жиында партияның танымал «Менің туым, менің Отаным!» акциясы аясында «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесіне Мемлекеттік Туды ілу рәсімі өтті. Жиынға қатысушылар ел мүддесі жолында адал әрі сапалы қызмет ететіндерін айтып, Түркістанның, Қазақстанның жарқын болашағына сеніммен қарайтындарын жеткізді.

Айта кетейік, бүгінде облыста «Nur Otan» партиясының 88 мың мүше мен 263 бастауыш партия ұйымы бар. Мереке қарсаңында 1 мыңнан астам адам партия қатарына қабылданды. Өңірде жаңа көшбасшыларды табу, партияның жұмысын жандандыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады деп жоспарланған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT