Түркістанда «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне іріктеу жобасы аясында ашық пікірсайыс өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне іріктеу жобасы аясында үміткерлер арасында ашық пікірсайыс өтті. Үш кезеңнен тұратын пікірталаста қатысушылар өз бағдарламаларын таныстырып, сайлау округінің өзекті мәселелерін шешу жолдары бойынша ойларын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар пікірталасқа қатысушылар бір-біріне сұрақ қойды. Саяси дебатқа тұрғындардың қызығушылығы жоғары болды. Үміткерлер аудандағы өзекті мәселелерді қозғап, сайлауалды бағдарламаларын ұсына білді.

Мәселен, М.Байгаршаев, Ж.Қарабалаев, Г.Бердиева, Қ.Спабекова, К.Жартыбаев, Ж.Ақылбаева сынды үміткерлер дебатта білімділігімен көзге түсті. Пікірталастар 15 қарашада мәреге жетеді деп күтілуде. Ал, 16 қарашада аудандағы бастауыш партия ұйымының мүшелері үміткерлерге дауыс беріп, үздіктерді анықтайтын болады.

Айта кетейік, Елбасы және партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылдың 21 тамызындағы «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық​ қадам- партияның 7 серпіні» бағдарламасына​ сәйкес, Түлкібас ауданында кадрлық​ резервіне іріктеу жұмыстары жүргізілгені белгілі.​

Еліміз бойынша пилоттық жоба ретінде өткізіліп жатқан «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне іріктеу жұмыстары жоспарға орай кезең–кезең бойынша атқарылуда. Филиалға қарасты 23 бастауыш партия ұйымының мүшелерімен түсіндіру жұмыстары​ жүргізіліп,​ ашық​ әділетті​ түрде кандидаттарды тіркеу​ 4 қарашада аяқталды.

Аумақтық партия филалына кадрлық резервті іріктеуге 100 үміткер құжаттарын​ тапсырып,​ тіркеуге​ алынды. Пилоттық жоба бойынша 5-15 қараша аралығында екінші кезеңдегі үгіт-насихат жұмыстары басталды деп күтілуде. Қарашаның 8-12 аралығында 222 кездесу, дебат және іс-шара өткізіліп, 20 мыңнан астам адам қамтылмақ.

Соңғы жаңалықтар