+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Түркістанда Nur Otan-ның қоғамдық қабылдауына келген азамат жұмысқа шақырту алды

2019 жылғы 21 тамыз 04:18
Бөлісіңіз:
Түркістанда Nur Otan-ның қоғамдық қабылдауына келген азамат жұмысқа шақырту алды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысы Хаким Көшқалиев жеке және заңды тұлғалар арасында қоғамдық қабылдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Алғаш рет әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде өткен қоғамдық қабылдауда Хаким Көшқалиев азаматтардың өтініштерін тыңдап, сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді

Қабылдауға келген Түркістан қаласының тұрғыны Құрманбай Мырзақұлов өзін мұғалімдіктен босатқан мектеп директорына қатысты шағым айтты. Оның сөзінше, қалалық білім бөліміне қарасты МҚКК «Қолөнер мектебінде» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Ал, өткен жылы 3 қазанда мектеп директоры Қ. Мырзақұлов штат бірлігін заңсыз қысқартқан. Қолында дәлел-дәйектері бар азамат мұнымен келіспей, сотқа да жүгінгенін айтады. Себебі қолөнер мектебінің басшылығы ата-аналардың қолы қойылған жалған құжат жасатып, демалыс кезінде оқушылар санын да қысқартқан. Мектепте 93 баланы қалдырған. Қазақстанда баламасы жоқ мектептің бүгінгі тағдырына алаңдаған департамент басшысы бұл істі назарға алатынын жеткізді.

Ал, Кентау қалалық емханасында оператор қызметін атқаратын мүмкіндігі шектеулі жан Анаркүл Анарбекова өзі қызмет ететін емханада бухгалтерлік қызметке кіргісі келетінін жеткізді. 2015 жылы есепші курсын аяқтаған оны емхана басшылығы кемсітіп, аталған жұмысты бір қолмен игере алмайсың деп жауап қатқан. Әділдік пен адами қарым-қатынас іздеген азаматша «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалына арнайы келгенін айтты. Бұл мәселеге орай Хаким Көшқалиев азаматтық танытып, жарымжан азаматшаны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментіне бухгалтерлік жұмысқа шақырды.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Қоғамдық қабылдауы әлеуметтік желіде тікелей эфирде өтті. Виртуалды Қоғамдық қабылдауда азаматтар тарапынан біршама сауалдар қойылып, оларға тиісінше шұғыл жауаптар жолданды. Партия филиалының xалықпен тілдесудегі жаңа бастамасы ары қарай да жалғасын табады деп күтілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT