Түркістанда музыка колледжі мен неке сарайы салынады - Жансейіт Түймебаев

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен Түркістан қаласында халыққа қызмет көрсету орталығы мен неке сарайы, музыкалық колледж бен көптеген аттракиондары бар демалыс орны салынады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев халық алдында есеп беру жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысының сөзінше, өңірде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы 2018 жылы 6 млрд теңгеге 1 292 жоба қаржыландырған.

«Нәтижесінде 1 403 жұмыс орны ашылған. Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 4,5 млрд теңге бөлініп, 456 жоба қолдау тапты. Сондай-ақ облысқа 288,1 млрд теңге инвестиция тартылған. Инвесторларға «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсететін «TURKISTAN INVEST» компаниясы құрылып, қазір 1 млрд 147 млн АҚШ долларын құрайтын, 14 мыңнан астам жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін 24 ірі инвестициялық жоба қолдау тауып отыр. Сондай-ақ, Түркістанда алғаш рет «Көне Түркістан - жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық және туристік форум өтті. Атқарылған шаралардың нәтижесінде жеке инвестиция көлемі 166 млрд. теңгеге жетіп, өсім 114,2% құрады»,-деді Жансейіт Түймебаев.
null

null

Бұдан өзге, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде өзге облыстармен салыстырғанда көш ілгері. Өткен жылы 542,8 млрд теңгенің өнімі ауыл шаруашылығы саласында өндіріліп, өсім 105,3 пайызды құраған. Экспорттың көлемі 180,9 млн. АҚШ долларға жетіп, 20,2 млн. долларға артты. Оның ішінде, былтыр Қазақстандағы ет экспортының 54 пайыздық үлесі Түркістан облысына тиесілі болып, республикада 1-орынға шықты.

null

Соңғы жаңалықтар