Түркістанда мұнай өңдеу зауыты мен онкологиялық орталық салынады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -  Түркістан қаласында өткен Халықаралық инвестициялық жəне туристік форум аясында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Иранның «Ardabil Petrochemical Co» компаниясымен жалпы құны 205 млн долларды құрайтын онкологиялық орталық пен мұнай өңдеу зауытын салу жөнінде меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумда жалпы құны 1,7 млрд АҚШ долларды құрайтын 19 меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, Түркістан облысы әкімдігі мен Иран, Түркия, Чехия, Ресей, БАӘ, Малайзия, Италия, Польша, Қытай мемлекеттерінің инвесторлары арасында келісімдер жасалды. Сонымен қатар, қытайлық «Changchun Longyuan Power Equipment Co. LTD» компаниясымен энергетикалық құрылғылар мен бұйымдар жасау жөнінде құны 648 млн АҚШ доллары көлеміндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Ал Ресейдің «Green Land Alatau» ЖШС 180 млн АҚШ долларына жылыжай кешенінің құрылысын жүргізетін болды. 

Форум барысында түзілген меморандумға сәйкес, қытайлық «Shanghai Lianfu New Energy Science & Technology Group» компаниясымен 340 млн АҚШ долларына күн энергиясымен жүретін электроавтобустар шығаратын зауыт құрылысын салу бойынша келісім түзілді. Сондай-ақ, Түркиядан келген «Dogus Insaat ve Ticaret A.S.» өндіріс орны жалпы құны 100 млн АҚШ долларына инфрақұрылым саласындағы жобаларды жүзеге асыруда әріптестік танытса, ирандық «Faradid Meehan» компаниясы 5 млн АҚШ долларына кірпіш зауытын салатын болды.  

null null null 

Соңғы жаңалықтар