Түркістанда Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің туым» акциясы өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының барлық қала-аудандарында «Менің туым» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған шарада барлық мемлекеттік және кәсіпкерлік нысандардардың балкондары мен аулаларына мемлекеттік тулар ілініп, Әнұран шырқалды.

Қазақстандықтардың Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру мен өскелең ұрпақтың патриоттық санасын жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған акция аясында аудан, қала көшелерінде ту мен елтаңбаны көтерген автокөлік шеруі өтті.

Облыс жұртшылығына рәміздердің шығу тарихы мен бейнелерін кеңінен насихаттауға бағытталған Мемлекеттік ту бейнеленген түрлі көрнекі үгіт құралдары таратылды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда ресми түрде бекітілген болатын. Мемлекетіміздің егемендігі мен біртұтастығын дәлелдеген осы айтулы күннен бері 28 жыл өтті.


Соңғы жаңалықтар