Түркістанда мемлекеттік қызметшілер марафонға қатысты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен марафон ұйымдастырылды.

Спорттық шараға қатысушылар 2400 метр қашықтыққа жүгірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызметшілердің арасында отансүйгіштік, патриоттық сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылған шара «Жемқорлықсыз салауатты қоғам» ұранымен өтті. Қатысушылар қаланың орталығынан «Рәміздер алаңына» дейін жүгірді. Мәреге жеткен жеңімпаздарды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев құттықтап, дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Айта кетейік, марафон халықты салауатты өмір салтына баулу және насихаттауға, мемлекеттік қызметшілерді дене мәдениеті және спортпен жүйелі айналысуға тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар