Түркістанда мемлекеттік айыптаушылардың форумы өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының прокуратурасында мемлекеттік айыптаушылардың кеңейтілген мәжілісі өтті. Басқосуда сот процесіндегі жиі кездесетін проблемалар талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жиынға прокуратура қызметкерлері мен соттар, адвокаттар алқасының мүшелері мен құқық қорғау органдары академиясы мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің ғалымдары қатысты. Кездесуде облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров аймақтық прокурорлар жылына 3 мыңнан аса қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыпты қолдайтынын, өткен жылы соттармен мадақтау сипатында 13 жеке қаулы қабылданғанын атап өтті.

Мемлекеттік айыптауды жүзеге асыратын 22 қызметкерден тұратын «үздіктер пулы» құрылғанын жеткізді. Сонымен қатар, өткен жылы облыс прокурорларының апелляциялық өтініштері негізінде бірінші сатыдағы соттардың 136 үкімдері заңдастырылғаны айтылды. Бұдан басқа, мемлекеттік айыптаушылардың кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған Құқық қорғау органдары академиясы әзірлеген жаңа бағдарламалар мен оқытудың жаңа әдістемелері жарияланды.

Жиынға қатысушылар «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолданысқа енгізілген «Заңдылық» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу ептіліктерін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар