Түркістанда «Мектепке жол» акциясы өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан қаласында «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті. Аталған шара әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған көпбалалы отбасыларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтап, балаларды мектепке дайындау мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара аясында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы мектепке қажетті құралдарды жабдықтауға қаржылай көмек көрсетті. Акцияға арнайы қатысқан партияның филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жас өрендерге жаңа оқу жылы табысты өтсін деген тілегін жеткізді.

Республикалық акция аясында Түркістан қаласындағы жартылай жетім, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 50 бала көмекпен қамтылды.

Оқушыларға есеп және жазба дәптерлері, сурет салуға арналған сызба альбомы мен түрлі-түсті қима қағаздары, жазу-сызуға арналған құралдар мен желім және өзге де заттар салынған мектеп сөмкелері табысталды.

Бұл көмекті үйлестіруге «жасотандық» белсенділер де өз үлесін қосты. «Jas Otan» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұманның айтуынша, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.


Соңғы жаңалықтар