+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Түркістанда медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы түсіндірілді

2019 жылғы 28 қараша 11:18
Бөлісіңіз:
Түркістанда медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы түсіндірілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында халықтың медициналық сақтандыру жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев жергілікті тұрғындармен кездесіп, жаңа жүйенің бойынша мәртебесін білуге мүмкіндік беретін құрал жасалды. Асхат Бейсенбаевтың сөзінше, аталмыш құралды еліміздің кез-келген тұрғыны пайдалана алады. Функционалды тұрғыдан алғанда, құрал өте қарапайым. Қордың ресми сайты fms.kz арнайы ресурсына кіріп, әр тұрғын өзінің ЖСН нөмірін енгізіп, мәртебесін білуіне болады. Кез-келген гаджетті қолданып, уақытты үнемдеуге болады. Егер «сақтандырылған» деген жауап келсе, онда алаңдамауға болады. Ал, егер жауап «сақтандырылмаған» болса, онда себебін анықтау керек.

Мысалы, азаматтың «жалдамалы жұмысшы» деген мәртебесі бар және ол үшін төлемді жұмыс беруші жасайды. Жүйе арқылы жұмысшы өзі жұмыс істейтін ұйым ол үшін медсақтандыруға төлем жасап отырғанын немесе төлемнің жасалмай жатқанын анықтай алады. «2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі басталады. Осы уақытқа дейін барлық азаматтар медициналық сақтандыру жүйесі аясында мәртебесің анықтап алуы керек. Мысалы, адамға қандай да бір сырқат бойынша диагноз қойылды және оған медициналық көмек қажет болды. Егер ол сақтандырылмаған болса, онда бұл адамға құрамына учаскелік дәрігер, жедел көмек, шұғыл стационарлық көмек, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде көрсетілетін медициналық көмек түрлері кіретін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ғана көрсетіледі. Ал, МӘМС пакеті бойынша берілетін медициналық көмек түрлері тек сақтандырылған азаматтарға ғана қолжетімді. Осы ретте, алдын-ала кез-келген адам өзінің сақтандыру мәртебесің анықтап алса, 2020 жылдан бастап қажетті барлық медициналық қызметтер спектрін алуға қол жеткізеді», - деді филиал директоры Асхат Бейсенбаев.

Қор өкілінің айтуынша, әрбір азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болу үшін арнайы әлеуметтік мәртебе санатына жататынын тексеруі керек.

«egov.kz порталына ЭЦҚ-мен кіріп, «Әлеуметтік мәртебені тексеру» қызметін таңдап, шыққан жолаққа ЖСН енгізу қажет. Сұрау соңында портал сіздің қай әлеуметтік мәртебе санатына жататыныңызды көрсетеді. Сізге «Жұмыскер», «Әлеуметтік төлемдер алушы», «18 жасқа дейінгі балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы», «Зейнеткер» мәртебелерінің бірі шығады. «Мәртебе анықталмаған» деген жауап берілсе, «мәртебені өзгерту» батырмасына өтіп, анкетаны толтырасыз. Мәртебеңіз туралы жауапты мемлекеттік орган 5 күн ішінде береді. Әлеуметтік мәртебені Telegram-дағы EgovkzBot 2.0 және Facebook мессенджері мен VK желісіндегі egov.kz парағы арқылы да тексеруге болады. Сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты сұрақтарға 1406 байланыс нөміріне хабарласа аласыздар», - деді филиал директоры Асхат Бейсенбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT