Түркістанда МӘМС аясында көрсетілген қызметтерге 16 млрд теңге төленді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы медициналық ұйымдарда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетінде көрсетілген қызметтерге 16,9 млрд теңге төленді. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сала мамандарының айтуынша, облыс бойынша жұмыс берушілер тарапынан 4,3 млрд теңге төленген. Ал, жеке кәсіпкерлер тарапынан 2,4 млрд теңге, 260 млн теңге БЖТ бөлінген.
«Қазіргі уақытта елімізде емханаларға тіркелу науқаны жүріп жатыр. Науқан барысында медициналық ұйымдарда тіркелген тұрғындарға байланысты келесі жылға қаржыландыру жоспарланатын болады. Осыған орай, Қор үшін әрбір тұрғынның емханаға тіркелгені жөн. Өйткені Қор әрбір тіркелген тұрғын үшін ай сайын медициналық ұйымдарға көрсетілген қызметке байланысты қаржы бөлетін болады», - дейді Қордың Түркістан облысындағы филиал директоры Асхат Бейсенбаев.
Филиал директорының сөзінше, шығындардың басым бөлігі стационарлық медициналық көмек төлемі – 4,9 млрд теңгеден астам және ауылдағы стационарлар қызметі үшін- 3,5 млрд теңгені құраған. Ал, 8 айда жоспарлы түрде стационарларда 72 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсеткені үшін медициналық ұйымдарға 5,9 млрд теңге төленген. Айта кету керек, КТ және МРТ қызметтеріне пациенттер тарапынан сұраныс артқан. Күні бүгінге дейін пациенттерге КТ және МРТ 1 640-тан астам қызмет көрсетілген.
«Қор филиалы халыққа жоғары технологиялық қызмет көрсеткені үшін 38 млн теңгеден астам қаржы төледі. Аталмыш қызметтерді 19 адам алды. Сонымен қатар, стационарды алмастыратын көмекке 748 млн теңге төленді. Мұнан бөлек, 103 мыңнан астам көрсетілген стоматологиялық қызмет үшін 300,4 млн теңге төленді. Инфаркт, инсульттан соң, 4494 мыңға жуық пациентке медициналық оңалту шаралары көрсетілді», - дейді Асхат Бейсенбаев.
- Батыс Қазақстанның бес ауданында карантин күшейтілді
- 20 қаңтар күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы
- Түркістан облысында корнавирус вакцинасы алдымен медицина қызметкерлеріне салынады
- Вакцинация індетке қарсы күресте қалай көмектеседі
-
ШҚО тұрғындарының 20 пайызына коронавирус вакцинасы салынады
-
Жезқазғанда тағы бір компьютерлік томография кабинеті ашылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам