+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Түркістанда қыз ұзату жасағандар жауапқа тартылды

2020 жылғы 13 тамыз 21:27
Бөлісіңіз:
Түркістанда қыз ұзату жасағандар жауапқа тартылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда тұрғындар карантиндік шектеу шараларын сақтамай, қыз ұзату тойын жасаған. Өңірде күшейтілген ережені елемегендерді полицейлер анықтап, әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан ҚПБ-на қала орталығындағы Тәуке хан көшесі бойында орналасқан дәмханалардың бірінде қыз ұзату тойы өтіп жатқандығы туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген мобильдік топ пен полицейлер тойдың өтіп, аяқталғанын анықтаған. Бірақ тойхана иесі той-жиын өткізуге тапсырыс қабылдағанын мойындаған. Кәсіпкер мен той иесі заңбұзушылыққа жол беріп, жалпыға ортақ ережені бұзғаны белгілі болған.

«Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен тіркеліп, іс-құжаттары жинақталып, Түркістан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына заңды шешім қабылдау үшін жолданды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, өңірде карантиндік тәртіпке қарамастан той-жиын мен басқосулар, мерекелік және ұжымдық іс-шараларды ұйымдастырушылар қатары азаяр емес. Жуырда ғана полицейлер Түркістан қаласындағы «Бек» дәмханасында 30 адамға ұжымдық іс-шараға тапсырыстар қабылдап, жиын өткізген азаматтарды анықтаған болатын. Бүгінде бұл заңбұзушылық бойынша да жинақталған құжаттар заңды шешім шығару үшін тиісті органдарға жіберілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT