Түркістанда күн көзінен қуат алатын мектептер саны артады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күннен қуат алатын электр қондырғысы орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жоба өскелең ұрпақтың оқуға деген қызығушылығын арттыруға және баламалы энергия көздерінің жаңа мүмкіндіктері жайында хабардар етуге бағытталған. Оқушылардың экологиялық мәдениетін көтеру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу үшін де маңызды.

Жоба жүзеге асқанда оқу орны тұтынатын электр энергиясын жылына 30%-ға дейін үнемдейді. Әрі оқушылардың зертхана орталығына айналады.

Бүгінде Түркістан өңірі еліміз бойынша мектеп санынан да, бала туу көрсеткіші бойынша да көш бастап келеді. Облыс аумағында 900-ден астам білім ұясы бар. Осы орайда жаңа жобаны ауылдық жерлердегі мектептерде де қолға алу мәселесі қаралуда.

Айта кетейік, бүгінге дейін Түркістан қаласындағы Ж.Тәшенов атындағы №23 IT лицейіне қуаттылығы 50 киловатқа тең күн электр станциясы орнатылған.


Фото: www.desktopbackground.org
Соңғы жаңалықтар