Түркістанда Күлтегін, Алты алаш, Елім-ай атты көшелер пайда болады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде жеті мәселе талқыланды. Жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев баяндама жасап, Түркістан қаласының дамуы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Түркістан қаласына көшіп келген бір айда қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Туристік әлеуеті жоғары шаһардың дамуына Елбасының тікелей назар аударып, көңіл бөліп отырғанын жеткізді. Мәселен, қалаға өткен жылы 1 млн 190 мыңнан астам турист пен зияратшы келген болса, алдағы уақытта олардың санын көбейту көзделіп отыр. Алайда, ол үшін қалаға жаңа әуежай, темір жол вокзалы мен автовокзал сервистік қызмет көрсететін әлеуметтік-мәдени нысандар салу қажет. 
null 

«Ташкент-Түркістан-Ташкент бағытында қатынайтын жүрдек пойыз, Ташкент-Түркістан-Ташкент бағытында автобус маршрутын ашу бойынша алдын ала Өзбекстан тарапымен келісіліп, ҚР Инвестиция және даму министрлігіне жолданды. Қажетті жобалардың барлығы Кешенді жоспар жобасына енгізіліп, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылды. Түркістан қаласында салынатын жаңа нысандар үшін қазандық пен 3 подстанция құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Су, газ мәселелері жедел қолға алынады. Тұрғын үй мәселесін шұғыл шешу үшін жергілікті бюджет есебінен Түркістан және Кентау қалаларында 1956 пәтерлі 33 тұрғын үйдің құрылысы басталып кетті. Мен облыс кәсіпкерлерін Түркістан қаласына инвестиция салып, өз жұмыстарын жүргізуге тағы да шақырамын. Әкімдік тарапынан қолдау болады. Бас жоспар қабылданғаннан кейін Түркістанда құрылыс қарқын алады»,- деді Жансейіт Түймебаев.

null

Жиында бұдан өзге бірнеше өзекті мәселелер талқыланды. Олардың қатарында аты жоқ 330 көшеге атау беру жайы сөз болды. Сала мамандары кеңес мүшелеріне осы көшелерге Күлтегін, Қазтуған жырау, Ханқорған, Алты Алаш, Мәңгілік Ел, Елім-ай, Болат хан, Күлтөбе сияқты атаулар берілетінін жеткізді.  

Соңғы жаңалықтар