+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Түркістанда куәлігі жоқ жүргізуші баланы көлігімен қағып мерт қылды

2019 жылғы 15 қараша 17:55
Бөлісіңіз:
Түркістанда куәлігі жоқ жүргізуші баланы көлігімен қағып мерт қылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда «Тойота Ленд Крузер» Прадо көлігі баланы қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай күндіз сағат 12:30 шамасында болған.

Түркістан қаласының тұрғыны «Тойота Ленд Крузер Прадо» көлігімен жол көлік оқиғасын жасап, баланы жарақаттанған. Ауыр дене жарақатын алған бала қалалық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Алайда дәрігерлер баланы аман алып қала алмады. Ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Қазіргі таңда осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345- бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу кезінде жүргізушінің ешбір құжатсыз көлік тізгіндегені анықталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, жүргізуші қамауға алынды. Көлік айып тұрағына жеткізіліп, полицейлермен барлық мән-жайлар тексерілуде», - делінген хабарламады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT