Түркістанда қоймадан 3 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Сайрам ауданында қоймадан 3 миллион теңге ұрланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, қоймасына белгісіз тұлғалар кіріп, касса бөлмесінің құлпын ашып, 3 миллион теңгеге жуық ақшасын жымқырып кеткендігін айтты. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдікті жергілікті тұрғынды құрықтады. Одан айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар