+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түркістанда Қоршаған ортаны қорғау күніне орай сенбілік өтті

2020 жылғы 6 маусым 23:17
Бөлісіңіз:
Түркістанда Қоршаған ортаны қорғау күніне орай сенбілік өтті

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан қаласында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай сенбілік ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметкерлер қала көшелерін күл-қоқыстан тазартты. Барлық басқарма қызметкерлері облыс орталығындағы демалыс аймақтарының айналасын абаттандырып, ағаш түптерін әктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматының таулы аймақтарында экологиялық күзет ұйымдастырылды «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы көпшіліктің талқылауына шығарылды Экология министрлігі Есіл өзенінде су түсінің өзгеруіне қатысты түсінік берді

Игі шараны облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен «Жасыл аймақ» мекемесі және Түркістан облысы бойынша Экология департаменті ұйымдастырды. Сала мамандары бұл жолғы сенбілік табиғат ананы аялау мен шаһардың тазалығын сақтау және өскелең ұрпаққа үлгі көрсету мақсатында өткізілгенін айтады. Олардың сөзінше, өңірде жыл сайын қоршаған ортаны қорғау мақсатында елді мекендерді жасыл желекпен көмкеру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңда 778 га жерде 404 мың дана көшет отырғызылып, Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту үшін «Жасыл аймақ» пен «Жасыл белдеу» бағдарламалары аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аймақта сондай-ақ, көктемде 1247 гектар жерде мәдени орман алқабы құрылған. Облыс орталығын көгалдандыру үшін қажетті көшеттермен қамтамасыз ету мақсатында 300 га жерде орман питомнигі орналастырылған. Ол жерде қазір 1030,5 мың дана көшет өсірілуде. Айта кетерлігі, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемелердің питомниктерінде 7,1 млн-ға жуық әртүрлі ағаш-бұта өсімдіктерінің көшеттері күтіп-бапталуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT