Түркістанда көпқабатты үйдің қабырғасына дәрігерлерге арналған мурал салынды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласындағы көпқабатты үйлердің қасбетіне муралдар салынуда. «Сауран» мөлтекауданында салынған алғашқы мурал қауіпті індеттің алдын алу мен науқастарды аман алып қалуда қажырлы еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін қала әкімдігі мен «Түркістан - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен «Отырар» ықшамауданында Қожа Ахмет Ясауидың адалдыққа шақыратын муралы салынған еді.

Тұрғындардың көңілінен шыққан дүниені қала әкімдігі шаһардың өзге де аумақтарына салуды жөн көрген. Артынша «Отырар» ықшамауданындағы көпқабатты үйдің қасбетіне Абайдың 175 жылдығына орай ұлы ойшылдың даналық сөзі жазылған мурал салынды.

Шаһар басшылығы қала көркін аша түсетін мұндай муралдар алдағы уақытта әртүрлі тақырыпта салынады деп отыр.

Ол үшін қала тұрғындарынан түрлі ұсыныстар қабылданады.

Соңғы жаңалықтар