Түркістанда композитор Бекжігіт Сердәлінің шығармашылық кеші өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында белгілі композитор, ғалым әрі журналист Бекжігіт Сердәлінің шығармашылық кеші өтті. «Өмірде де, өнерде де сан қырлы» атты бұл шара сазгердің 60 жас мерейтойына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеш барысында Бекжігіт Сердәлінің «Танымал әннің тарихы» кітабының таныстырылымы болып, оған арналған «Сарасөз» журналының жаңа нөмірі таратылды.

Бұл шараға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев пен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, ҚР Композиторлар одағының облыс бойынша төрайымы Құралай Сәтмұханбетова, облыстық журналистер одағының төрағасы Ғалымжан Елшібай және бір топ әріптес-достары мен БАҚ өкілдері қатысты. Шығармашылық кешке келген қонақтар арнайы құттықтау хаттарын тапсырып, сазгерге сый-сияпаттарын тарту етті. Жылы лебіз соңы әрі қарай Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстік- фильм» мекемесі әзірлеген «Өмірде де, өнерде де сан қырлы» атты 45 минуттық туынды көпшілік назарына ұсынылды.


Соңғы жаңалықтар