+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Түркістанда көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

2019 жылғы 9 қараша 18:30
Бөлісіңіз:
Түркістанда көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында кезекті сенбілік өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен қызметкерлері, аудан-қала әкімдіктері мен жергілікті тұрғындар белсене қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Ауқымды шарада облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов секторлардағы жұмыстармен танысып, ағаш отырғызуға атсалысты.

Түркістанды көркейту мен абаттандыру үшін қала 32 секторға бөлінгені белгілі. Бүгін аталған секторлар 25 мың түп көшет (шаған, сән ағаш, үйеңкі, қараөрік, қарағаш, тұт, каштан, арша, липа) отырғызды.

Секторларға бекітілген аудан-қалалар тарапынан сенбіліктегі көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстарына 2500-ден астам адам мен 245 техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар аумақтық 23 департамент мамандары қала ішіндегі ұзындығы 8 шақырымды құрайтын Р33, Р-32 каналдарының бойына ағаш егу, тазалау жұмыстарын жүргізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT