+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Түркістанда «Кедергісіз келешек» жобасы жанданады

2021 жылғы 14 қаңтар 01:55
Бөлісіңіз:
Түркістанда «Кедергісіз келешек» жобасы жанданады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Кедергісіз келешек» жобасы ерекше жандарға қамқорлық көрсету аясында қарқын алады. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюпов шаһардағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу барысында айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда әлеуметтік қызметкердің жалақысы 50%-ға өсті

Жиында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудi, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасауды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Осы мәселелерге орай бірқатар шешім қабылданды.

«Ақпан айының соңына дейін қалалық әкімдікке қарасты барлық ғимарат кіре-берісінде арнайы шақыру белгісін (кнопка вызова) орнатуды, сондай-ақ, наурыз айынан бастап пандустарды стандартқа келтіру бойынша мониторинг жүргізуді тапсырамын. Сонымен бірге, әрбір дербес бөлім басшыларының бір қызметкерді алып, мемлекеттік қызметке белсене қатысуына жағдай жасаңыздар», - деді қала әкімі Рашид Аюпов.

Шаһар басшысы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту бойынша ағымдағы жылы белсенді жұмыс жасалатынын айтып өтті.

Сондай-ақ, жиынға қатысушыларды әкімдікпен бірлескен түрде қолдау көрсетуге шақырды.

Осылайша облыс орталығындағы кәсіпкерлік нысандар, қызмет алу орталықтары және халық көп шоғырланатын аумақтарда пандустардың талапқа са екендігіне мониторинг топ тексеру жүргізетін болды.

Тексеру қортындысына сәйкес тұрғындардың ескертпелері мен ұсыныстары айына бір рет әкімдікке жеткізіліп отыратын болды.

Жиын барысында республикалық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлан Абдиев қаланы кедергісіз аймаққа айналдыру бойынша өз жобасын ұсынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT