Түркістанда қазақ әліпбиін латынға көшірудегі талаптар талқыланды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіруге қатысты қойылатын талаптар» атты облыстық конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференцияға қалалар мен аудандардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тіл жөніндегі мамандар, тілдерді оқыту және дамыту орталықтарының директорлары мен әдіскер-оқытушылары, колледж және мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдері қатысты,

Шараны Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірханұлы ашып, конференцияның мақсатына тоқталып өтті. Оның сөзінше, бүгінгі таңда латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу өзекті болып отыр. Ал латын әліпбиіне көшу - қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне жол ашады. Болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз.

«Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосыламыз. Тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ. Қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші - латын қарпіне көшу. Бұл - қазіргі заман талабы»,- деді Асылхан Темірханұлы.

Конференция барысында А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты Нағима Қошанова «Латын негізді графиканың орфографиялық ережелері» тақырыбы бойынша өз ойын жеткізді. Ал Шардара аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры Құрбанкүл Манахова «Жазуы жаңарған халқымыздың жан-жүрегі де тазарады» тақырыбында баяндама жасады. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Ақтолқын Жаманбаева латын графикасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

null null null

Соңғы жаңалықтар