Түркістанда қайырымдылық дүкен ашылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында бүгіннен бастап әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін қайырымдылық дүкен жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ашылу салтанаты 9 Мамыр мерекесіне орай өткен дүкен облыстық ақсақалдар алқасы мен «Қоғамдық келісім» кеңесінің бастамасымен қолға алынған.

Шараға қала әкімі Әліпбек Өсербаев, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сауабы мол істің тұрғындар игілігі үшін қажеттілігі орасан екенін айтқан қала басшысы, оған өз тарапынан қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.

null
«Дүкен аптаның тек сәрсенбі күні жұмыс істейді. Мұнда қаланың 8 мөлтек ауданының көше комитетінің төрағалары жасаған тізімдер бойынша мұқтаж отбасыларға азық-түлік, киім-кешек қажетілігіне қарай берілетін болады. Нақтырақ айтқанда, әр аптада 40-50 адамға көмек көрсетілмек. Ол тізімге көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар енгізіледі», - деді облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Әзіретбергенов.

Қазіргі таңда дүкенде 2 тонна азық-түлік, 4 мың дана киім бар. Негізінен дүкеннің қоры қаладағы демеушілердің есебінен толықтырылады. Дүкен әл-Фараби көшесі, №26 үй мекенжайында орналасқан.

null

Соңғы жаңалықтар