Түркістанда «Қауіпсіз аула» және «Ақылды аялдама» жобалары жүзеге асады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 5 бағыт бойынша жүзеге асып келеді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының сөзінше, өңірде «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша «SmartCity» тұжырымдамасы іске асырылуда. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы Отырар мөлтек ауданында 10 көпқабатты тұрғын үйге «E-SHANYRAQ» жүйесіне толықтай интеграциялау жұмыстары жасалынған.

«Бұл, импульсті қашықтықтан басқарылатын есептегіштер арқылы суды, жылуды және электр энергиясы көздерінің берілуін бақылау болып табылады. Осы арқылы шығындарды бекіту, қаржатты жұмсау қызметінің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Тұрғындар интернет арқылы есептеулер мен есеп айырысулардың дұрыстығын тексере алады, үй бойынша шығындар мен табыстарды бақылай алады. ТКШ мәселелері бойынша онлайн түрде өтініштер қабылданады. Одан бөлек, қаладағы тұрғын үйлерге 8 дана бейнебақылау камералары орнатылды және пилоттық жоба ретінде жол ережелерін бақылау үшін 6-бейнекамерамен қамтамасыз етілді», - деді Бастар Есқараев.

Басқарма басшысы сонымен қатар, «SmartCity» бағдарламасы негізінде биыл пилоттық жоба ретінде Түркістан қаласындағы саябақтар мен көшелерге «Ақылды жарықтандыру» жобасын енгізу жұмыстары қолға алынғанын атап өтті.

«Бұл жарық беру аймағында өздігінен автоматты түрде жарық сөндіріледі немесе азаяды, сондай-ақ автокөліктер жарықтандыру аймағын кесіп өткен кезде ғана автоматты түрде қайта қосылуына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда, облыс бойынша 700 көше күн панельдері жүйесінде фоторелье датчиктері бар жарық шамдары орнатылған. Облыс бойынша механикалық таймер жүйесі бойынша 1294 ақылды жарық шамдары орнатылды»,- деді Бастар Есқараев.

Сонымен қатар облыстағы 902 мектептің 775-і немесе 86,1 пайызы интернет желісіне қосылған. 735 білім ұясында, яғни 81,4 пайызында WI-FI нүктелерімен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін шалғай ауылдардағы 127 мектепті кеңжолақты интернетпен және 167 мектепті WI-FI нүктелерімен толық қамту осы жылдың жұмыс жоспарына енгізілді. Цифрландыру жүйесі әсіресе мемлекеттік қызмет көрсету саласында кең қолданыста. Мәселен, өткен жылы 10,955 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 9,350 мыңы электрондық түрде, қаған 1 372 мыңы қағаз түрінде іске асырылған.

Соңғы жаңалықтар