Түркістанда кәсіпкерлер палатасы, сот және прокуратура үшжақты меморандум түзді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы бизнесті қолдау бойынша сот және прокуратурамен үшжақты меморандум түзді. Ендігі жерде өңірлік палата облыстық сот және прокуратурамен ынтымақтастықты күшейтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл келісімге Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы департаменті де ынтымақтастық танытты. Палата өкілдерінің сөзінше, бұл құжат кәсіпкерлер құқықтарының қорғалуына кепіл болады. Меморандум аясында мемлекеттік қызмет көрсету мен бақылауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жең ұшына жалғасқан әрекеттерін әшкерелеу үшін қызмет етпек. null

Бұл бастама Елбасының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмасы негізінде қолға алынып отыр. Сондай-ақ осы келісім арқылы бизнесті заңсыз әкімшілік қысымдардан және қылмыстық қудалаудан қорғауға жол ашылады. Мемлекеттік органдар тарапынан бизнес-тексерулердің заңдылығын талдау жұмыстары жүргізілмек. Осынау тексерулердің нәтижесіне сүйене отырып, тиісті прокурорлық шаралар қабылданады.

Бұдан бөлек, жер қатынастары мен құрылыс саласында кәсіпкерлерге рұқсат беру құжаттарын әзірлеу барысында әкімдіктің өз міндеттерін тиісті атқаруын қадағалауға жол ашылады.

 

Соңғы жаңалықтар