Түркістанда кәсіпкерлер азық-түлік тауарларын нарықтағы бағадан төмен сатты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында кәсіпкерлік және сауда басқармасының бастамасымен ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Аталған шара әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәрмеңкеге Түркістан қаласының кәсіпкерлері мен Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері қатысты. Сондай-ақ, «Түркістан» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері арнайы шақырылып, олар да өздерінің тауарларын сатылымға шығарды. Жалпы құны 2 млн теңгеден астам 19,2 тонна болатын ауыл шаруашылығы өнімдері саудаланды. Отандық өнімдер тұрғындарға базар нарқынан 15-20% төмен бағада ұсынылды.

Негізінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері сатылған жәрмеңкеге жұрт көп жиналды. Келушілердің барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытты. Өңірде бағаларды маусымдық қымбаттатпау мақсатында ұйымдастырылған шара алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұратын болды.

Мамандар енді жәрмеңкенің 22 ақпан мен 7, 21 наурызда және 4 сәуір күндері өтетінін айтады.

Соңғы жаңалықтар