Түркістанда қаржылық сауаттылықты арттырудың жолдары айтылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда қаржыгерлер мен кәсіпкерлер және іскер жандар бас қосып, ел экономикасына инвестиция тарту мен қаржылық қызметтер саласын өркендету мәселелерін талқылады. Бұл шара «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвесторлары апталығы» аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апталықты ұйымдастырушылар халықаралық қаржы алаңында тіркелген компанияларға барлық жағдай жасалғанын айтады. Кәсіпкерлер де мұндай форумдардың пайдасын сезініп, инвестиция тарту үшін қажет ақпарат алуға ұмтылады деп отыр.

«Олар сот дауын да осы орталық көмегімен шеше алады. Бізде қазір 20 халықаралық арбитр бар. Олар онлайн режимде дауды жан-жақты қарап, талдай алады. Әрі тәжірибесі де мол. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін де тартуға болады. Бірақ бұл іс барынша ашық әрі жеңіл болуы керек. Қазақстанға келген компаниялар инвестиция құюы үшін түрлі бюрократиялық кедергілер мейлінше аз болуы тиіс», - дейді АХҚО әкімшілігі басқарма төрағасының кеңесшісі Болатбек Қуандықов.

Басқосуда кәсіпкерлерге АХҚО-да бизнес жүргізу мүмкіндіктері мен орталыққа қатысушы атанудың жолдары үйретілді. Сондай-ақ, қандай құқықтық көмектер көрсетілетіні және АХҚО-дағы жасыл қаржыландыру мүмкіндітері мен келешегі жайлы айтылды. Ал, Исламдық қаржы мен бизнес хабының бас менеджері Қазыбек Жұман орталықтағы исламдық қаржыландыру мәселелерін түсіндіріп өтті. Үзіліссіз кәсіби даму трендтерін қамтыды.

«Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген компаниялар мен қатысушылар осындағы преференцияларды қолдана алады. Салықтық жеңілдіктермен қатар, ағылшынның сот құқығына негізделген Астана халықаралық қаржы орталығы халықаралық сотының тәжірибесін пайдаланады. Мұның алғышарты былтыр қабылданған болатын. Бүгінде қаржы орталығы халықаралық ірі қаржы институттарымен байланыс орнатқан. Бұл ұйымдар аймақтарды дамытуға ат салысуға әзір»,-дейді Б.Қуандықов.

Соңғы жаңалықтар