Түркістанда карантин тәртібі енгізілгеннен бері алғашқы азық-түлік жәрмеңкесі өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Елімізде карантин режимі енгізілгеннен бері Түркістан қаласында алғашқы рет азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда Арыс қаласы мен Келес ауданының тауар өндірушілері және «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының ауыл шаруашылығы өнімдері төмен бағамен сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтсақ, картоп 80 теңгеден, пияз 45 теңгеден, қырыққабат 60 және сиыр еті 1800 теңгеден саудаланды. Жәрмеңкеге 23 атаулы тауардан 29,4 тонна өнім апарылған. «Алтын бұлақ» автобекетінде болған жәрмеңке тауарлары түске дейін-ақ тұтынушылар игілігіне сатылып кетті. Аталған іс-шара барлық санитарлық талаптар сақтала отырып әр аптаның сенбі және жексенбі күндері өткізілетін болып жоспарланды. Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен Ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараның басты мақсаты азық-түлік бағасын тұрақтандыру болды.


Соңғы жаңалықтар