Түркістанда қар құрсауында қалған жолаушылардың видеосы тарады

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында құтқарушылар тәулік талғамай жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желіде Түркістан облысында қар құрсауында қалып қойған жолаушылардың видеосы тарады. Онда Созақ-Бәйдібек жол бойындағы боранда қалып қойған жолаушылардың бет әлпеттеріне кірпіктері мен қастарына мұз қатып қалғанын көруге болады.

«11 ақпан. Созақ асуындамыз. Көлігіміз батып қалды» дейді видеоға түсірген жолаушының бірі.


Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі құтқарушылардың тәулік талғамай жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

«Қазір Созақ-Бәйдібек жолы жабық. Қалып кеткен адам жоқ. Төтенше жағдай қызметінің мамандары тәулік талғамай жұмыс істеп жатыр» - делінген Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан алдын Түркістан облысында жол жабылып, 600-ге жуық жолаушы көліктерде аялдап отырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар