Түркістанда қандай сәулетті ғимараттар салынады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы бері мұнда құрылыс жұмыстары қарқын алды.

Өзге облыстар мен еліміздегі алпауыт компаниялар киелі шаһарда сәулетті ғимараттардың бой көтеруіне атсалысуда. Мәселен, Астана қаласы «Астана» алаңының салынуына тапсырыс беріп, оның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталмақ. Сонымен қатар, Түркістан қаласының рухани-мәдени аймағында «ҰӘҚ Самұрық-Қазына» АҚ тапсырысымен Қожа Ахмет Ясауи мұражай нысанының құрылысы басталды. Бұдан өзге, әуежайдың құрылысы бойынша жұмыстар атқарылуда.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, ҚР Қорғаныс министрлігі және «Казаэронавигация» АҚ мақұлдаған Түркістан қаласындағы әуежайды салу үшін 905,3 гектар жер телімі бөлініп отыр. Ал, Алматы облысының әкімдігі «Жастар сарайы» ғимаратының құрылыс жұмыстарын бастап кетсе, Ақтөбе облысы - «Әзірет Сұлтан» қорығында мәдени-демалыс нысандарын салмақ. Атырау облысы - ашық аспан астындағы мәдени-тарихи мұражайдың құрылысын жүргізуді өз мойнына алып отыр. Шығыс Қазақстан облысы - әуенді субұрқақ салуды көздесе, Солтүстік Қазақстан облысы - олимпиадалық резервті дайындайтын облыстық спорт мектебін салуды жоспарлауда. Жамбыл облысы - «Әзірет Сұлтан» қорығына мәдени-тарихи Визит орталығын тұрғызбақ. Батыс Қазақстан облысы - Тарихи-киелі орындар орталығының құрылысын жүргізеді. Бұдан өзге, Қостанай облысы - Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратын, Қызылорда облысы - Шығыс моншасын, Маңғыстау облысы - Амфитеатрдың құрылысын бастайды. Елордасы Астана қаласы - «Астана» алаңының, Алматы қаласы - Медиа орталықтың, Шымкент қаласы - облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылысын бастауда. Сонымен Елбасы мақұлдаған Түркістан қаласынан салынатын ғимараттардың жобасымен таныстырсақ:

1. «Ұлы дала елі» орталығы - Түрік әлеміндегі хандар мен билердің мұражайы «ERG», «KAZMINERALS» және «BI GROUP» компанияларының демеушілігімен салынуда. Аумағы 7760 шаршы метрды құрайды.null

2. Қожа Ахмет Ясауи мұражайы. Аумағы 3200 шаршы метрді құрайды. «Самұрық-Қазына» компаниясының тапсырысымен салынады.null

3. Туристік визит орталығы - Отырар қорық-музейінің базасында салынады. Аумағы 2200 шаршы метр болатын сәулетті ғимаратты салуға Жамбыл облысы тапсырыс беріп отыр. Орталық тарихи -мәдени мұра нысандарын қорғау мен олардың заманауи талаптарға сай сақталуын қамтамасыз етуге ықпал етпек. Орталықтың ғимаратында археологиялық қорық, тарихи-мәдени және туристік орталық құруға, сонымен қатар, музейлік-көрмелік жүйемен өзара байланыстағы орталықтандырылған қор жасалады. Ал, экспозиция залдары функционалдық бағдарламада әр уақытта болатын өзгерістер мен түзетулерді ескеріп жобаланған. Бұдан өзге реставрациялық жұмыстар мен көрмелік конструкцияларды жасау жұмыстары үшін цоколдық қабатта шеберханалар орналаспақ. Барлық шеберханалар мамандырылған реставрациялық қондырғылармен жабдықталады.null

4. Шығыс моншасы - тарихи сәулет үлгісінде салынады. Оның құрылысына Қызылорда облысы тапсырыс берген. Аумағы 1730 шаршы метр.null

5. Әуенді субұрқақ. Шығыс Қазақстан облысының тапсырысы бойынша салынады.null

6. Амфитеатр. Сәулетті ғимарат ашық аспан астында тарихи-заманауи үлгіде салынады. Оның бой көтеруіне Маңғыстау облысы демеушілік жасауда. Аумағы 9 га болады.null

7. Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы. Шымкент қаласының демеушілігімен салынады. Аумағы 2200 шаршы метрді құрайды.null

8. Әкімшілік-іскерлік орталығы.null

9. Оқушылар сарайы. Заманауи үлгіде салынатын ғимараттың құрылысына «Самұрық қазына» ҰК демеушілік жасауда. Аумағы 9250 шаршы метрді құрайды.null

10. Медиа орталық. Алматы қаласының тапсырысымен салынатын ғимараттың аумағы 3160 шаршы метрді құрайды.null

11. Стадион - 7000 орынға лайықталған. Аумағы 26075 шаршы метрді құрайды. «Самұрық Қазына» Ұлттық компаниясының тапсырысымен салынады.null

12. «Астана» алаңы. Аумағы 5000 шаршы метр болатын демалыс орны Астана қаласының тапсырысымен салынады.null

13. Бассейні бар спорттық кешен. Заманауи үлгіде бой көтеретін нысан 1300 орынға лайықталған. Аумағы 11515 шаршы метрді құрайды.null

Соңғы жаңалықтар