Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Түркістанда «Камаз» көлігі ескі кәріз құдығына құлап кетті

2022 жылғы 11 маусым 18:38

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда «Камаз» көлігі қолданыстан шыққан кәріз құдығына құлап кетті. Адамдар аман, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүк көлігінің терең шұңқырға құлап кеткендігі туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Адамдар құбырдан аққан суды өшіріп, «Камазды» құдықтан шығаруға тырысады.

Бұл оқиғаға қатысты ақпарат таратқан қала әкімдігі опырылып түскен жер бұрынғы кәріз құдығының орны екендігін мәлім етті.

«Бірінші мөлтек аудандағы 14 «б» үйдің ауласында ескі кәріз құдығының орны анықталды. Қазылған шұңқыр 2012 жылға дейін жатақхананың кәріз құдығы ретінде пайдаланылып келген. 2012 жылы орталық кәріз жүйесі іске қосылғаннан кейін, қолданыстан шығып, орны тегістелген. Құдық бетіндегі бетон жабындысының тозығы жетіп, ауыр жүк көлігінің салмағынан сынып кеткен. Қазіргі таңда оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды», - делінген Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Автор:

Қайрат Зайнишев

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары