Түркістанда Қ.А.Ясауи кесенесінде 3D тур қызметі іске қосылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген қазақтың хан-сұлтандары мен би-абыздары, батырлары мен игі жақсылары тізімі цифрлы форматта үш тілде әзірленді.

Кесене ішінде сондай-ақ, екі ақпаратты киоскі, шағын кинозал, 3D тур қызмет көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» жобасы негізінде «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің жаңартылған ресми сайтының мобильді қосымшасы да іске қосылған. Ясауи кесенесі ішіндегі бейне тарих құжырасына да шеберлер дайындаған оюлы ағаш орындықтар қойылды.

Айта кетсек, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құжыра бөлмесінде «Қазақфильм» және «Оңтүстікфильм» киностудиялары түсірген деректі және анимациялық фильмдер зияратшылар мен туристерге тұрақты түрде көрсетіліп келеді. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келген әрбір келуші жәдігерлермен қатар тарихи фильмдерді де көре алады.

Айта кетейік, туристер 2016 жылдан бастау алған бастама аясында Түркістанға қатысты деректі фильмдер тамашаласа, 2018-2019 жылдары «Алмас қылыш», «Көшпенділер», «Жаужүрек 1000 бала» көркем фильмдері мен «Күлтегін», «Мұзбалақ», «Көне құмыраның сыры», «Қажымұқан», «Қазақ Елі», «Отырарды қорғау», «Түркістан», «Оқсыз оқиғасы» анимациялық фильмдерін көріп жүр.

Соңғы жаңалықтар