Түркістанда іскерлік орталықтың құрылысы басталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -  Бүгін Түркістан облысының орталығы - Түркістан қаласында әкімдік орналасатын іскерлік орталықтың құрылыс жұмыстары басталды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев заманауи нысанның капсуласын салып, осынау тарихи сәттің мән-маңызына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға жергілікті түркістандық тұрғындар қатысып,  ақсақалдар жағы бата берді. Салтанатты шарада аймақ басшысы болашақ орталықтың жоспарымен бөлісті.

«Ауданы 50 мың шаршы метрді қамтитын ғимарат 4 қабаттан тұрады. Мұнда заманауи ыңғайлы кеңселер, су мен энергияны тиімді пайдалану жүйесі қарастырылған. Яғни, іскерлік орталық автоматтандырылған «ақылды ғимарат» қағидасымен жобаланған», - деді облыс басшысы.null 

Нысанның құрылысын астаналық құрылыс компаниясы өз қаражаты есебінен жүргізуді ұсынып отыр. Алғашқы іргетасы 2019 жылдың қаңтар айында қаланатын орталық 2020 жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.null 

Естеріңізде болса, ҚР Президентінің қатысуымен 2018 жылғы 29 қыркүйекте өткен кеңесте Елбасы Н.Назарбаев Түркістан қаласында салынатын бірқатар нысандардың құрылысын бизнес өкілдерінің өз қаражаты есебінен жүргізу жөнінде тапсырма берген болатын. Нәтижесінде, сол кезде облыстар мен ұлттық компаниялар, ірі құрылыс ұйымдары, бизнес өкілдері және шетелдік инвесторлар тарапынан бірқатар құрылыс нысандарын іске асыруға ұсыныстар енгізіліп, қолдау тапқан-ды. Соның бірі - бүгінгі құрылысы басталғалы отырған іскерлік орталық ғимараты.

null null 

Соңғы жаңалықтар