Түркістанда инвестициялық жобалар арқылы 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы «Turkestan» индустриалды аймағында 1 млрд 124 млн теңгеге 5 жоба іске асырылды (192 жұмыс орны). Биыл индустриалды аймаққа жалпы құны 1 млрд 554 млн теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба тартылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.
Қала әкімі Рашид Аюповтың айтуынша, бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы 1026 адам жұмыспен қамтылатын болады. Сонымен қатар, өткен жылы 6 кәсіпорын іске қосылып, жалпы саны 47-ге жеткен. Нәтижесінде жаңа 202 жұмыс орны пайда болды. Ал, шағын және орта бизнес субъектілер саны 10 885-і құрап, 27 мың адам еңбекке орналасты.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы арқылы 505 мың және 250 мың теңгелік грантты - 269 азамат алды. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту» және «Еңбек» бағдарламалары аясында, «Ырыс» МҚҰ арқылы 33 жоба 334 млн 800 мың теңгеге қаржыландырылып, нәтижесінде 61 адам жұмыспен қамтылды», - деді Рашид Абатұлы.
Айта кетерлігі, бизнесті жүргізуді жеңілдету үшін облыс орталығында кәсіпкерлерге арнайы бағыт-бағдар беріп отыратын «Бизнеске арналған үкімет» орталығы құрылған. Онда кәсіпкерлерге қаржы ұйымына дейін кеңестер беріп, жобаларды сүйемелдеу қызметі атқарылады.
- Қытай «Бір белдеу – бір жол» бастамасының әріптес елдеріне жаңа мүмкіндік ұсынады - ҚХР СІМ басшысы
- Қостанай облысындағы жол ашылды
- Түркістандық полицейлер 29 жылдан бері елге қайта алмай жүрген азаматқа қол ұшын созды
- Қазақстанның металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
-
S&P Қазақстан экономикасының рейтингін «тұрақты» болады деп болжады
-
ИИДМ: Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту мәселесі талқыланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам