Түркістанда импорттық өнімдердің 90 пайызға жуығы талапқа сай емес

Фото: None
ТҮРКІСТАН. Қазақпарат - Түркістан облысының санитариялық дәрігерлері дүкен сөрелеріндегі азық-түлік және өзге тауарларға мониторинг жүргізіп, импорттық өндірістің 679, отандық өнімнің 155 сынамасын зерттеуден өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зерттеу нәтижесінде 36 сынаманың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған. Ол өнімдердің 89%-ы импорттық болса, 11%-ы отандық тауарларға тиесілі. Олардың ішінде тамақ өнімдерімен қоса, балалар ойыншығы, жеңіл өнеркәсіп өнімдері бар.

«Зерттеу барысында өнімдердің сыртындағы ақпарат мемлекеттік тілде жазылмағандығы, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, өнімнің сақталу шарттары, өндіруші немесе импорттаушы туралы ақпарат, өнімді пайдаланудың басқа да нұсқаулары көрсетілмегендігі белгілі болды. Осы орайда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жергілікті кәсіпкерлерге өнімдердің таңбалануын заңнама талаптарына сәйкес іске асыру керектігін ескертеді. Ал тұтынушылар өнімнің жапсырмасына назар аудару керек», - деп жазды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар