+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Түркістанда имамдар форумы өтті

2019 жылғы 15 желтоқсан 11:47
Бөлісіңіз:
Түркістанда имамдар форумы өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында «Жеті рухани қазық» өңірлік форумы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпрат.

Шараны облыстық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастырды. Мақсаты - елордада өткен ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын насихаттау, имамдардың біліктілігін арттыру, дінаралық татулық пен толеранттылықты қолдау және дін мәселесіне қатысты қақтығыстардың, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарға талдау-талқылау жүргізу.

Форумға қатысқан имамдар өзара тәжірибе алмасып, оңды пікірлерін ортаға салды.

Шараны Қоғамдық даму басқарма басшысының орыбасары Қайрат Әбуов ашып, жүргізіп отырды. «Қоғамның тұрақтылығын сақтап, діни қақтығыстарың алдын алуда мұндай басқосулардың маңызы зор»,- деген ол, қатысушыларға алғысын білдірді.

Облыстық форумның арнайы қонақтары Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат Оңғаров, белгілі исламтанушы, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре, ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкіл имамы – Ақтамберды Мұсабек шараның мақсатына сай маңызды мәселелерді қозғап, ой бөлісті.

Түркістан облысына қарасты барлық аудан, қалалардың бас имамдары қатысқан форумның жұмысы нақты мақсаттар мен міндеттемелерді айқындаумен ерекшеленді. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT