Түркістанда халықаралық әуежайдың іргетасы қаланды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына арнайы іс-сапармен барды. Үкімет басшысының сапары барысында облыс орталығында бой көтеретін халықаралық әуежайдың іргетасы қаланды. Салтанатты рәсімге ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Мамин жиналған көпшілікті әуежайдың іргетасы қалануымен құттықтап, халықаралық маңызы бар нысанды уақытылы пайдалануға беру қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде әуежайдың құрылысын салатын компания басшысы Арслан Хусейн Үкімет басшысына терминалдың халықаралық және ішкі рейстерде сағатына 250 адам қабылдауға қауқарлы екенін жеткізді.
null

Айта кетейік, Түркістан қаласындағы жаңа әуежайдың құрылысын түркиялық инвесторлар жүргізеді. Мердігер мекеме - туркиялық «ИДА ИНШААТ САНАЙИ ВЕ ТИДЖАРЕТ АНОНИМ ШИРКЕТИ» (YDA INŞAAT SANAYI VE TICARET ANONIM ŞIRKETI) компаниясы. Халықаралық әуежай Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан. 900 гектар аумаққа терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салу жоспарланып отыр. Халықаралық әуежай 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
null null null

Еске салайық, жаңадан құрылған Түркістан облысының орталығында тұңғыш рет халықаралық әуежай салынбақ. Оның құрылысына ең үздік қазақстандық және шетелдік сарапшылар тартылмақ. Құрылыс барысында индустриясының жаңа жетістіктерін пайдалану жоспарланып отыр.
null null

Соңғы жаңалықтар