Түркістанда халық санының көбеюіне байланысты нанға сұраныс артты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Қаладағы наубайханаларды аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы алдымен «Яссы-нан» ЖШС-не табан тіреді. 4 жыл бұрын іске қосылған наубайхана бүгінде тәулігіне 13,7 тонна өнім шығарады. Нан зауытында 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда мұнда нанның 40 түрі, шұжықтың 15 түрі шығарылады. Кәсіпорын басшысы Насиба Атаева ас атасына сұраныс артуына байланысты өнім көлемін көбейтуге бел байлағанын айтады.null  

«Бұл наубайхана бастапқыда белгілі бір кәсіпорын жұмысшыларын нан өнімдерімен қамтамасыз ету үшін құрылған еді. Уақыт өте келе қалада біздің өнімге деген сұраныс күрт артты. Нәтижесінде өнім көлемін тәулігіне 30 мың данадан 50 мыңға шығарып отырмыз. Осыған орай жаңа жұмыс орындары ашылып, наубайханамыздың өндірістік қуаты мен аумағы мейілінше ұлғайды», - деді Насиба Сабырқызы.null

Бүгінде кәсіпкер өз есебінен жобаға қосымша 800 млн теңге қаржы құйып, Чех Республикасынан нан жабуға арналған заманауи қондырғылар сатып алған. Осылайша серіктестік облыс орталығын нан өнімдерімен толық қамтамасыз етіп, баға тұрақтылығын сақтап отыр.

Аймақ басшысы сондай-ақ, құрылыс заттарын шығарумен айналысатын «Яссы-құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне де аялдады. Облыс әкімі зауыт жұмысшыларымен кездесіп, отандық кәсіпорынның өнім шығару әлеуетімен кеңінен танысты. 2012 жылы құрылған серіктестікте қазіргі таңда өндіріс орнында 120 адам жұмыс істейді. Зауыт жылына 138 мың тонна темір бетон бұйымдарын шығарып, ішкі нарықты отандық құрылыс заттарымен қамтамасыз етіп отыр.

null null 

Соңғы жаңалықтар