Түркістанда «Халық сақшылары» жасағы құрылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында «Халық сақшылары» жасағы құрылды. Бұл туралы облыс әкімдігі ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде облыс орталығында қала әкімдігі, мәслихат депутаттары, сектор меңгерушілері, полиция өкілдері қатарынан жедел штаб құрылған. Әкімдіктің қызметтері тәулік бойы кезекшілікке тартылып, тиісті жұмыстар атқаруға кірісті. Әкімдікте құрылған жедел штаб күнделікті 20:00-де мәжіліс өткізіп, нақты әрекет ету жоспарларын талқылап отыр. Тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жиналыс барысында өзара міндеттер тапсырылып, жаңа бағыттар белгіленуде. Халық көп шоғырланатын орындарда дыбыс күшейткіш арқылы тұрақты түрде төтенше жағдай талаптары түсіндіріліп, тәртіпке бағыну туралы үндеулер жарияланды. Интернет байланысы бұғатталуына орай, тұрғындарды барынша сақтандыру мақсатында арнайы ақпараттық парақшалар әзірленіп, белсенділер арқылы 10 мыңнан астам ақпараттық парақшалар таратылды. Түркістан қаласының вокзалына келіп тоқтаған үш пойыздың жолаушыларына Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан ыстық тамақ ұйымдастырылып, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді және 108 асығыс азаматқа қоғамдық көліктер ұйымдастырылып баратын елді мекендеріне жіберілді. Қала әкімінің төрағалығымен медицина саласы қызметкерлерімен арнайы жиналыс өтіп, күн тәртібіне сәйкес аурухана қызметін күшейтілген рижімге ауыстыру дайындығы пысықталды. Білім саласының қызметкерлерімен арнайы жиналыс өткізіліп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналармен байланыс орнату тапсырылды. Коменданттық режим талаптары түсіндіріліп, білім нысандарындағы сақтық шаралары қолға алынған. Жергілікті билік өкілдері қоғам белсенділерімен, жастармен арнайы жиын өткізіп, қала аумағында тәртіпті сақтау мен коменданттық режимге бағыну мәселелері түсіндірілуде. Әкімдік қызметкерлері мен мәслихат депутаттары өздеріне бекітілген аумақтарда тәулік бойы бақылау мен аралау жұмыстарын жүргізуде. Қала аумағында тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын күзету үшін төтенше жағдай талабына сәйкес қалаға кіретін және шығатын 5 жол бақылауға алынып, арнайы блок бекеттер орнатылды. Шатырлармен қамтылып, ережеге сай жұмыс атқаруда.


Соңғы жаңалықтар