Түркістанда гүл жұлғандар жазаланады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері «Қызғалдақ» іс-шарасын өткізіп, Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғандарға шара қолдана бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазірдің өзінде тәртіп сақшыларымен «Грейг» қызғалдақтарын жұлған 8 тұрғын анықталған.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, табиғат қорғау заңын бұзған оқиғалар төрт аудан аумағында тіркелген.
«Қызғалдақтарды жұлу дерегі бойынша Қазығұрт ауданында -3, Бәйдібек ауданында -2, Ордабасы ауданында -2 және Сайрам ауданында -1 дерек тіркелді. Қазіргі таңда бұл азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. «Грейг» қызғалдақтарын жұлған үшін ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған»,- деді Салтанат Қаракөзова.
- Шымкентте жыр мүшәйрасы өтіп жатыр
- Шымкенттегі орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті
- Түркістанда мұғалімді ұстап әкеткен полицей қызметінен шеттетілді
- Полиция бастығы әжетхана күзетпегені үшін айыпталған мұғалімнен кешірім сұрады
-
Түркістанда әжетхана күзетпегені үшін полиция ұстап әкеткен мұғалімге министр араша түсті
-
Алматы әкімдігі қисайған үйдің тұрғындарын көшіруге дайын
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам