Түркістанда газ жүйесіндегі ақау қалпына келтірілді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда газ жүйесінде орын алған ақау қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желтоқсан айының басында Түркістан қаласында газ құбырынан ақау шығып, 200-ге жуық абонент жылусыз қалған болатын. Бүгінде мамандар құбырдағы ақауды қалпына келтіріп, тұрғындарды газға қосу жұмыстарын атқарып жатыр.

«Күннің күрт суына байланысты газ тұтыну көлемі ұлғайды. Газ жүйесі толығымен қысқы режимге ауысты. «Ремзавод» мөлтекауданындағы 200-ге жуық үй газға қосылды. «Интергаз» мекемесінде 14 бригада жұмыс істеп жатыр. Қазір әкімшілік іскерлік орталық аумағы мен «Бекзат» мөлтек ауданындағы үйлерді газға қосып жатыр»- деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан облысы өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Ержан Балабеков.

Ал, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков 104 қызметі тұтынушылардан түскен өтінімдермен тоқтаусыз жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

«Қала аумағындағы кей көшелердегі үйлерде газ өшіп қалған. Қазір 104 қызметі әр үйге барып, газға қосуда» - деді ол.

Қазіргі кезде Түркістан қаласына сағатына 80 000 м3/ табиғи газ келіп тұр.

Айта кетейік, кеше Түркістан қаласында газ құбырындағы қысым төмендеп, 200-ге жуық үй жылусыз қалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар