Түркістанда футболдан Суперкубок ойындары өтіп жатыр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласындағы «Turkistan Arena» стадионында футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының Суперкубок ойындары өтуде. Жарыста күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін футболдан Қазақстанның Суперкубогы бәсекесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жиынға арнайы қатысқан Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков жарыстың ашылуы мен барша қонақтарды және футболшыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
«Жаңадан салынған «Turkistan Arena» алаңында алғаш рет осындай ірі ойын өтуде. Біз үшін бұл үлкен мәртебе. Түркістан облысының намысын байрақты бәсекеде қорғайтын «Тұран» командасы жасақталды. Жергілікті үздік футболшылардан құралған команда жасыл алаңда жеңіске жететініне кәміл сенемін. Облыста жасөспірімдерді осы спорт түріне кәсіби түрде баулитын футбол мектебі жұмыс жасауда. Құрметті командалар, биылғы Суперкубок ойындарының Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен қатар келуі Түркістан қаласының төрінде өнер көрсетуі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Түркі жұрты көз тіккен қасиетті шаһарға басқан қадамдарыңыз құт болсын», – деді облыс әкімі өз сөзінде.
Күні кеше елорданың «Астана» футбол клубы мен Қарағандының «Шахтер» командасы ақтық сынға жолдама үшін таласқан болатын.
Нәтижесінде астаналықтар 2:0 есебімен жеңіске жетіп, суперкубок финалына жолдама алған.
Бүгінде жасыл алаңда алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» кездесіп, тартысты ойын өткізді.
Ойынның негізгі уақытында ойын 3:3 есебімен тең аяқталған. Пенальти сериясында қостанайлық «Тобыл» командасының жолы болып, 4:2 есебімен жеңіске жеткен.
Естеріңізге сала кетсек, 5 наурыз күні үшінші орын үшін Қарағандының «Шахтері» мен Алматының «Қайрат» командасы таласады.
Ал, 6 наурыз күні Суперкубок үшін ақтық бәсекеде елордалық «Астана» командасы мен Қостанайдың «Тобылы» тартысқа толы ойынды өткізетін болады.
Барлық матчтар көрермендерсіз өтеді.
Турнирдің жүлде қоры - 42 млн теңге.
Турнир жеңімпазы 25 млн теңгеге ие болады. Бұл кездесулерге жанкүйерлер кіргізілмейді.
- Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» көш басына шықты
- Олег Болтин еркін күрестен Азия чемпионы атанды
- Еркін күрес: Нұрқожа Қайпанов екі дүркін Азия чемпионы атанды
- Түркістан: Армандар орындалатын қала
-
Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатын сәтті бастады
-
Өмірзақ Шөкеев қарияларды Түркістанды тамашалауға шақырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам