Түркістанда футболдан суперкубок ойындары көрерменсіз өтеді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған «Turkistan arena» стадионында 2-6 наурыз күндері аралығында Қазақстанның футболдан суперкубок ойындары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әр матчты көрермен алаңнан емес, «Qazsport» телеарнасы мен әлеуметтік желілерден, Түркістан қаласындағы лед-экрандардан тікелей эфирде тамашалай алады

Ойындарға барлық штаб мүшелері мен футболшылар, ұйымдастырушылар ПТР тестінің оң қорытындыларымен ғана қатысады.

«Облыс орталығындағы жаңадан ашылған стадионда мұндай республикалық деңгейдегі жарыстың өтіп жатқандығы көңіл қуантады. Стадионда футболшылар үшін барлық жағдай жасалған. Ұйымдастыру алқасы доданың жоғары деңгейде өтуіне күш салатын болады. Орталық стадионда 2 наурыз күні жартылай финалда «Шахтер» – «Астана» командалары кездессе, 3 наурыз күні «Тобыл» мен «Қайрат» бақ сынайды. Ал 5 наурыз күні 3-орын үшін ойын өтсе, 6 наурызда финалдық кездесу болады. Барлық командаларға сәттілік тілеймін», - дейді облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Ал, облыстың бас санитар дәрігері Нұрбек Нышановтың сөзінше, Түркістан қаласында футболдан ел суперкубогын өткізу тәртібі бойынша арнайы қаулы қабылданған.

«Қаулыға сәйкес, штабтың барлық мүшелері, команда ойыншылары, спортшылар, БАҚ өкілдері және суперкубоктың басқа да қатысушылары ПТР тестін суперкубок басталғанға дейін 3 тәулік ішінде тапсыру қажет. Суперкубоктың барлық қатысушылары қол алысудан немесе тікелей басқа адамдармен байланысу түрлерінен аулақ болуы керек. Жарыс күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өтетін болады», - деді Нұрбек Садықбекұлы.


Соңғы жаңалықтар