Түркістанда ең үлкен сауда, ойын-сауық орталығы ашылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығында бірқатар нысандарды аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы әуелі «Түркістан индустриалды аймағында» орналасқан жиһаз фабрикасына барды. Жобаның жалпы құны - 364 млн теңгені құрайды. Бүгінде онда 120 адам жұмыспен қамтылып отыр. Шикізатты Ресейден алатын нысан жылына 150-170 млн теңгенің жиһазын жасайды. Қазір фабрика жиһаздың 40-қа жуық түрін шығаруда.
null 

Одан әрі облыс әкімі жалпы аумағы 15 мың шаршы метр болатын  «Megacity» сауда, ойын-сауық кешенінің құрылысымен танысты. Нысанның жалпы құны 2 млрд теңгені құрайды. Мұнда алдағы уақытта 200 адам жұмыспен қамтылады, тәулігіне 800 адамға қызмет көрсетіледі. Бес қабатты кешеннің әрбір қабатында түрлі бөлімдер орналаспақ.
null null 

Кешеннің атқарушы директоры Азамат Мамеджановтың айтуынша, кешенде үлкен супермаркеттер, киім дүкендері, ойын-сауық алаңдары мен кинотеатр ашылады. Нысан Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін ағымдағы жылдың желтоқсан айында ашылады деп күтілуде.

Айта кетейік, бұл шаһардағы ең үлкен сауда, ойын-сауық орталығы болады. 

null 

Соңғы жаңалықтар