+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Түркістанда еліміздегі ең ірі ауруханалардың бірі салынуда

2021 жылғы 14 мамыр 17:34
Бөлісіңіз:
Түркістанда еліміздегі ең ірі ауруханалардың бірі салынуда

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда еліміздегі ең ірі ауруханалардың бірі салынуда. 8 қабатты көпсалалы медициналық орталықтың құрылысы 16 гектар жерді алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылады Матрица: «Қызыл» аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана тұр Коронавирус: 12 өңір - «жасыл аймақта»

570 төсек-орынға шақталған заманауи емдеу кешені Қазақстанда жоспарланған ірі жиырма аурухананың алғашқысы саналады. Инвестициялық жобаны Денсаулық сақтау министрлігі арқылы мемлекеттік – жекешелік әріптестік аясында YDA Group түрік инвесторы жүзеге асыруда. Нысанның құны 200 млрд теңгеден асады. 2019 жылы басталған құрылысты 2022 жылға қарай аяқтау жоспарлануда. Өңірдегі ғана емес, республикадағы ең ірі медициналық мекемелердің бірі болатын аурухананың жалпы ауданы 80 мың шаршы метрден асады. Әлемдік стандарттарға сай салынып жатқан аурухана толық пайдалануға берілгеннен кейін 2000-нан астам медицина қызметкері тұрақты жұмыспен қамтылады. Жобаға сәйкес, мұнда 13 бейінді бөлімше мен жүрек-қан-тамыр және коронарлық реанимация, гематология, оның ішінде күйікпен емдеудің 2 қарқынды терапиясы (ICU) бөлімшелері ашылмақ. Бұдан басқа, көпсалалы аурухана қабырғаларында 16 операциялық бөлме, оның ішінде 13 жоспарлы және 3 шұғыл көмек жұмыс істейтін болады. Кешенде барлығы 11 блок бар, олардың 9-ында монолитті жұмыстар жүргізілуде. Нысанды салуға 100-ден астам құрылысшы жұмылдырылған. 4 мұнара краны мен 12 техника тартылған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT