Түркістанда Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласы талқыланды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын кең көлемінде ақпараттық насихаттау бойынша дөңгелек үстел жиыны өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен басқосуда ең қасиетті құндылығымыз - Тәуелсіздіктің насихатталуы жайында сөз қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев пен «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-сі, «Қоғамдық келісім» КММ-сі, облыстық жастар ресурстық орталығы және Рухани жаңғыру кеңсесінің қызметкерлері мен онлайн форматта Ақпараттық талдау орталығы жанынан құрылған қоғамдық бағыттағы Түркістан облысы аудан, қалалық медиаволонтерлар ZOOM ақпараттық алаңшасы арқылы қатысты. Жиынды ашып, жүргізіп отырған қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Жаңабайұлы Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керектігін жеткізді. Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласы тарихты толғау арқылы болашақ ұрпаққа ой салатындығына тоқталды.

«Тәуелсіздіктің ең үлкен жемісі болып саналатын, жаңару мен жағырудың даңғыл жолына түскен Түркістан өңірінде бұл бағыттағы жұмыстар әрқашанда ақпараттық нарықта бәсекелестік орната алатын ортаны қалыптастыруымыз керек», – деді басқарма басшысы.

Басқосу бағдарламасына сәйкес Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми сарапшылық топ жетекшісі, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Қайнар Қалдыбайұлы Елбасы мақаласындағы этносаралық татулық пен қоғамдық келісім туралы баяндады.

Пікірталас соңында дөңгелек үстелеге қатысушылар тарапынан «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласының қоғамда терең насихатталуына арналған ұсыныстар мен пікірлер айтылды.


Соңғы жаңалықтар