Түркістанда Елбасы ескерткішін орнату үшін халықаралық конкурс жариялау керек - Женгиз Томар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда Елбасы ескерткішін орнату үшін халықаралық конкурс жариялау керек. Мұндай пікірді Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінің бірінші президенті Женгиз Томар білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан үшін ғана емес барша түркі әлемінің бірлігі, ынтымағы үшін маңызды бастамалар көтерген тұлға. Елбасы Түркі тілдес елдердің Парламенттік ассамблеясын, Түркі кеңесін, Түркі академиясын құруға ұйытқы болды. 1991 жылы Ясауи атындағы Қазақ-түрік университетінің де құрылуына себепкер болған адам. Естеріңізде болса, осы жылдың наурыз айында Түркістан қаласында «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» деген ұранмен өткен кеңесте шешім қабылданды. Түркістан қаласының дамуына да Елбасының сіңірген үлесі өте зор. Бүгінде облыс орталығына айналған қала жаңарып, түрлене түсті. Сондықтан Түркі әлемнің мәңгі астанасы Түркістанда Қазақстан Президентінің бір ескерткіш болғаны дұрыс деп есептеймін», - деді Қазақ-түрік университетінің бірінші президенті.

Сонымен қатар ол «Қазақстан Тұңғыш Президентінің Түркістан қаласында орнатылатын ескерткіші үшін Түркі әлемінде халықаралық байқау ұйымдастырған жөн болар еді» деген ойын алға тартады.

«Меніңше, Түркі әлеміне ортақ халықаралық деңгейдегі байқау болса дұрыс», - деді Женгиз Томар.


Соңғы жаңалықтар